Жоғалған науқас әйел бес күннен кейін ауыр жағдайда табылды

445

0

Сарысу ауданы полициясына Саудакент ауылының тұрғыны жүгініп, 37 жастағы қарындасының жоғалып кеткенін айтқан. Әйел үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, жақындарымен байланысқа шықпаған. Ол 2011 жылдан бастап психикалық диспансер орталығында есепте тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабар алған соң Сарысу аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы шұғыл түрде дабыл бойынша көтеріліп, жоғалған әйелді іздеуге жұмылдырылды.

Бұл жұмысқа волонтерлер мен жергілікті тұрғындар, аудандық төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері де қосылды.

Іздеу шаралары Сарысу ауданының елдімекендерінде ғана емес, шекара маңындағы ауылдарда да жүрді.

Көшелер, үйлер, аулалар, қараусыз қалған ғимараттар мен жертөлелер, жолдың бойы да тексерілді.

Жоғалған әйел 5 күннен кейін жазық далада ауыр жағдайда табылды.

Есін білгенмен, суық пен аштықтан әбден қажып, әлі құрыған. Сол жерде оған медициналық көмек көрсетілді.

– Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, волонтерлерге және тұрғындарға іздеу шараларына белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамын. Полиция қызметкерлері күн-түн демей іздеді. Енді таппағанымызда әпкем тірі қалмас еді. Тіпті елестетудің өзі қорқынышты», – дейді әйелдің ағасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<