Жолда қалғандар табылды

578

0

Ағымдағы жылдың 9 тамызы күні 18 сағат 20 минутта Арал ауданы, Кіші Теңізге қарай бағыт алған жеңіл автокөліктің артқы дөңгелегі ұшып кетіп, екі адам жолда қалып қойғандығы жөнінде Арал ауданы №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны хабарлама берді.

Арал аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, «Лада-2104» маркалы автокөлікте Нұрсұлтан қаласының тұрғыны 1951 жылы туған Жаркенбеков Қуаныш және Арал ауданының тұрғыны 1940 жылы туған Жолдасов Қибадулла болған.

Хабарлама бойынша: 18 сағат 50 минутта Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінен 1 қызметкер және №3 МӨСБ-нен 2 қызметкер SsangYong қызметтік автокөлікпен іздестіру шарасына шықты. Аталған іздестіру жұмыстары нәтижесінде оларды «Кіші Арал Теңізі» бағытына қарай Арал ауданының орталығынан шамамен 40 шақырым жерден аман-есен тапты. Табылған азаматтар алғашқы медициналық көмекті қажет етпейтіндігін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<