ЖОСАЛЫ КЕНТІНДЕ ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛАДЫ

335

0

Аудан əкімі Сұлтан Мақашов Жосалы кенті тұрғындарымен өткізген есепті кездесуінде газдандыру жұмысының басталатынын жеткізді.
Елбасы қолдауына ие болған кəсіпкерлер де тұрғындардың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында түрлі бағытта кəсіпкерлік нысандар ашып, аудан халқына қызмет көрсетуде.
Есепті жиынның келесі бөлімінде аудан басшысы өңір бойынша өткен жылы өрнектелген келелі істерді, оның ішінде аудан экономикасының өсу динамикасын саралап, əр сала бойынша қол жеткізген жетістіктерге тоқталды. Балалардың жазғы демалысына арналған тынығу лагерінің құрылысы жалғасуда.
Жиында Жосалы кентінің əкімі Шыңғыс Сыздықовтың кент бойынша атқарылған жұмыстар жайындағы хабарламасы тыңдалды. Биыл да жылдағыдай аудан орталығын абаттандыру жəне көркейтуде ілкімді істер өз кезегімен шешімін табатын болады. Сонымен бірге, кентте бірнеше көшеге жарықтандыру жəне күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді.
Есеп беру жиыныда аудандық ішкі істер бөлімі əкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Бағдат Ақтаевтың кент бойынша қоғамдық тəртіпті қамтамасыз ету, оның ішінде кент тұрғындары арасында жасалған қылмыстық істер мен басқа да шаралар жайын баяндады.
Кездесу соңында Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Жакеев Жақсыбай сөз сөйлеп, ауданда атқарылып жатқан игі істерге жоғары бағасын беріп, аудан тұрғындары атынан алғысын айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<