Жоспарлы жұмысты үздіксіз жалғастырады

565

0

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мәжит Шәріпов Қызылорда және Түркістан облыстарында орналасқан уран өндіруші кәсіпорындарға жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Компания басшысы «РУ-6» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС, «КАТКО» БК» ЖШС, «СКК» ЖШС ОЖТБ филиалы, «Волковгеология» АҚ ГТО және ГРЭ-5 филиалдары «Семізбай-U» ЖШС-тің Иркөл кенішіндегі вахталық жұмысшылардың еңбек және тұрмыстық жағдайларымен танысып, еңбек ұжымдарымен кездесті.

Қызылорда облысының аймағында орналасқан «РУ-6» ЖШС Семізбай-U» ЖШС-тің Иркөл кенішінде М.Шәріпов өндіріс саласы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарымен танысып өтіп ,оған оң бағасын берді.

Басқарма төрағасына өндірістегі тыныс –тіршілікті мекеме басшылары Дәуіржан Искаков мен Мұхамеджан Салқынбаевтар таныстырып өтті.

Мәжит Шәріпов Компанияның барлық қызметкерлеріне алғысын білдіріп, олардың ұйымшылдығы, өзара қолдауы мен кәсібилігі пандемия мен қаңтар оқиғалары кезінде атом холдингінің өндірістік қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз етуге көмектескенін атап өтті.

Жұмыскерлердің әл-ауқаты, қауіпсіздігі және денсаулығы Қазатомөнеркәсіптің басты құндылығы болып қала береді. Компания лайықты жағдай жасау және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бойынша жоспарлы жұмысты үздіксіз жалғастырады. Сапалы арнайы жұмыс киімімен уақытылы қамтамасыз ету мақсатында барлық еншілес және тәуелді ұйымдардың (ЕТҰ) қызметкерлері үшін арнайы жұмыс киімінің бірыңғай стандарты енгізілетін болады. Сондай-ақ өндірістегі қызметкерлерді тамақтандыру және медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту (ЕТҰ қызметкерлері үшін медициналық сақтандыру пакеттерін біріздендіру) бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Қазатомөнеркәсіп басшысы ЕТҰ қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыруға және еңбек жағдайларын жақсартуға, сондай-ақ өндірістік және қаржылық көрсеткіштерді орындауға бағытталған жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Мақсұт Ибрашев

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<