Жүзінші қадамды орындады

291

0

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Елбасының 2015 жылы қабылдаған Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100-ші қадамды орындады. 

Оған сәйкес, Канада мен Австралияның үлгісі бойынша мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдеріне айналатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру тапсырылған болатын. 2016 жылдың сәуірінде жұмысын бастаған корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялап, мемлекеттік қызметтерді бір жерден алу мүмкіндігін жасады. Сондай-ақ ұлт жоспарында мемлекеттік қызметті сапа менеджменті ISO 9000 сериясына сәйкес халықаралық сертификаттаудан өту міндеті қойылған болатын.

Бұл тапсырманы орындау мақсатында 2017-2018 жылдары сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарт қағидаттарын енгізу, қызметкерлерді оқыту жұмыстары жүргізіліп, корпорация қызметі біріздендірілді.     

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспановтың айтуынша, сапа менеджментінің халықаралық сертификатын алу – көрсетілетін қызмет деңгейі өскенінің дәлелі. «Біздің басты міндетіміз – қызмет алушының көңілінен шығып, бар сұранысын өтеу. Корпорациямызға жүгінетін кез келген азамат сапалы қызмет алуы тиіс. Біз бұл бағыттағы жұмысты үнемі жетілдіріп отыратын боламыз», – дейді корпорация төрағасы.

 «Азаматтарға арналған үкіметтің» ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сай келуін тексеру мақсатында сапа менеджменті жүйесінің сертификаттау аудитін TUVThuringen Е.V. компанисы (Германия) жүргізді.

  Халықаралық стандарт талаптарына жауап беру – мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа ауыстыруға қатысы бар бизнес-процестерді үнемі жетілдіріп отыруға мүмкіндік береді. Бұл Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне жүгінетін халық санын азайтуға, корпоративті және сервистік мәдениет деңгейін көтеруге, сондай-ақ корпорация қызметкерлерінің құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді.

 Басқарма төрағасына ISO 9001:2015  сертификатын аудит жүргізген TUVThringen Е.V. компаниясының атынан Роман Карякин («Интерсертифика-Тюф ЖШС директоры) табыс етті. 

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ 

баспасөз қызметі 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<