Зияткерлер облыс біріншілігінде топ жарды

215

0

Таеквондодан спорт шебері Вячеслав Пакты еске алуға арналған балалар мен кадеттер арасындағы облыстық турнирде Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары үш жүлделі орынды иеленді.
Қызылорда облысында таеквандо спортын дамыту және жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа аудан, қала және өзге облыстан 300-ге жуық спортшы қатысты.
9 – сынып оқушысы Мадияр Садуақас 68 келі салмақ дәрежесіндегі 5 палуанмен сайысқа түсті. Нәтижесінде екі қарсыласын жеңіп, қола медальді қанжығасына байлады.
Нәзік жандылар арасынан жарысқа қатысуға ниет білдірген 7 – сынып оқушысы  Нұрамина Абзал  татамидегі жекпе-жекте мықтылығын көрсетіп, жүлделі екінші орынды иеленді.  
15 жасар Самал Жұмаділдаева облыс біріншілігінде 55 келі салмақ дәрежесінде үздік өнер көрсетіп,  алтын медаль иегері атанды.   
Айта кетейік, қаңтар айынан бастап Назарбаев Зияткерлік мектебінде таеквондодан спорттық секция ашылды. Қазір бұл  үйірменің  7 -12 – сыныптар бойынша 40-қа  жуық тұрақты қатысушысы бар. Секция жұмысына Азия Чемпионатының қола жүлдегері , ҚР бірнеше дүркін чемпионы, қара белбеу 2-дан иегері Сергей Пак жетекшілік етеді.
Айта кетейік, таэквандо – Олимпиада бағдарламасына енген шығыс күрестеріне жататын спорттың бір түрі. Оқушыларды тәртіпке, шапшаңдыққа,  қайратты  болуға үйретеді.  Оқушылардың небәрі екі айда осы спорттың қыр-сырын меңгеріп, облыс біріншілігінде  жеңіс тұғырынан көріне білуі- мектебіміз үшін үлкен жетістік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<