«Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлерінің саны еселенді

7

0

Фото: Шиелі ауданы әкімдігі

Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков көпбалалы аналарды арнайы қабылдап, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін салтанатты түрде табыстады.

Марапаттау рәсімінде аудан басшысы аналардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, олардың отбасы құндылықтарын нығайтудағы, ұрпақ тәрбиесіндегі еңбектеріне зор ризашылығын білдірді.

– «Ана тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Сіздердің мейірімдеріңіз бен адал еңбектеріңіздің арқасында ел ертеңі болатын саналы ұрпақ өсіп келеді. Көпбалалы аналарды қолдау – мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін,» – деді аудан әкімі өз сөзінде.

Киелі Шиелі жерінде тұрып жатқан 24 ана мемлекеттік марапатқа ие болды. Оның ішінде 6 ана – «Алтын алқа», 18 ана – «Күміс алқа» иегері атанды.

Салтанатты жиын барысында алтын құрсақты аналар да сөз алып, мемлекеттің жасап жатқан қамқорлығына зор алғыстарын білдіріп, жергілікті басшылықтың жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, бүгінде Шиелі ауданында 2585 батыр ана бар. Оның ішінде «Алтын алқа» иегерлерінің саны – 1037, ал «Күміс алқа» иегерлері – 1548 ана.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі