Кеше өңірде «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен оқу семинары басталған болатын. Жергілікті жерлерде кәсіби әрі тиімді басқарушы буынды қалыптастыруға бағытталған модульдік оқудың бүгін екінші күні.
Бағдарлама аясында қатысушылар төмендегі 6 модуль бойынша заманауи саяси және басқарушылық үдерістің негізгі бағыттарын меңгеруде.
Модульдер атауы мен лекторлар:
1-модуль. «Жеке көшбасшылық және құндылық бағдары» бойынша. Лектор – «Тұран-Астана» университетінің доценті, PhD-докторы Жумабекова Гаухар Айтпекқызы;
2-модуль. «Өңірлер мен жергілікті қауымдастықтардың дамуын басқару» бойынша. Лектор – Өңірлік зерттеулер және өмір сапасы орталығының директоры Нұрболат Құрметұлы;
3-модуль. «Даму үшін салықтар: түсім базасынан жергілікті нәтижеге дейін». Лектор – «AMANAT» партиясы жанындағы Саяси менеджмент академиясының штаттан тыс тренері Дулатов Нұрлан Дулатұлы;
4-модуль. «Бюджет вертикаль: республикадан ауылға дейін». Лектор – облыстық мәслихаттағы тұрақты комиссияның төрайымы Шәменова Балжан Мөрәліқызы;
5-модуль. «Халықпен және командамен тиімді коммуникациялар»тақырыбында. Лектор – AlmaU университетінің штаттан тыс тренері, танымал журналист Оңғар Салтанат;
6-модуль. «Саяси науқандар: позициялаудан сенім мен қолдауға дейін». Лектор – «AMANAT» партиясы Саяси жұмыс департаменті директорының орынбасары Нұрахметханова Гүлнар Сейтказықызы.
Аталған білім беру бағдарламасы көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, стратегиялық ойлау, басқару және халықпен тиімді өзара іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Оқуға облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, партияның аймақтық және аумақтық филиалдары қызметкерлері, сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері мен мүшелері қатысуда.






