Аудан әкімі көпір құрылысы барысын бақылады

6

0

Фото: Жалағаш ауданы

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов «Қызылорда-Жалағаш» автомобиль жолының 70,05 шақырымындағы көпірге жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын бақылап, құрылыс сапасына баса мән беруді тапсырды.

Сонымен қатар, көпір құрылысы аумағындағы уақытша айналма жолды тегістеу, көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау және қауіпсіздікті күшейту бойынша жауапты сала басшылары мен мердігер мекемеге нақты міндеттер жүктеді.

Қазіргі таңда аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес айналма жолды тегістеу және уақытылы су себу жұмыстары жүргізілуде.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі