100-ден аса адамды кене шаққан

435

0

Фото: Tengrinews.kz

Ақтөбеде кене шаққан 100-ден астам адам медициналық көмекке жүгінді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Дәрігерлер зиянкес жәндіктерден зардап шекендерден туляремия ауруы анықталмағанын айтады. Телеарна мәліметінше, дерт жұқтыру жағдайы облыста екі жыл бұрын болған. Ал өңірдің Алға, Әйтеке би, Ырғыз, Қобда және Ойыл аудандарында туляремияның табиғи ошақтары бар. Сондықтан ондағы тұрғындар дертке қарсы жоспарлы түрде екпе алуы тиіс.

Биыл кенеге қарсы өңірде қанша адамның нақты вакцина алғаны осы айдың соңында белгілі болмақ. Санитария дәрігерлер кене шаққан жағдайда шұғыл медициналық көмекке жүгіну керек екенін ескертіп отыр.

«Табиғи ошақтарда орналасқан аумақтарында тұратын тұрғындар жеті жасында вакцинация алуы керек. Сосын ревакцинацияға бес жылдан кейін жатады. Аудандарда өзінің жоспарға сәйкес жататын адам вакцинасын алып жатыр. Ол біздің қадағалауымызда», – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Гаухар Игілікова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<