100 мыңыншы тұрғын екпе алды

276

0

№3 қалалық емханада облыстың 100 мыңыншы тұрғыны вакцина алды.  Қызылорда қаласының тұрғыны Гүлнар Құлжанова вакцинаның бірінші компонентін салдыруға келген. Оған сый-құрмет көрсетілді. QazVac вакцинасын таңдаған ол өзгелерді де екпе алуға шақырады.

– «Қайсар» волейбол клубында аспаз болып еңбек етемін. Індетке қарсы вакцина алуға өз еркіммен келдім. Екпе алған 100 мыңыншы тұрғын ретінде күтпеген жерден сыйлыққа ие болып тұрмын. Өте қуаныштымын. Отандық QazVac вакцинасын салдырдым. Өз денсаулығымыз – өз қолымызда. Мамандар кеселдің бетін қайтарудың бірден-бір жолы  екпе салдыру екенін айтуда. Сондықтан көпшілікті вакцина алуға шақырамын, – деді ол.

Жалпы №3 қалалық емханаға осы күнге дейін 9649 доза коронавирусқа қарсы вакцина келіп, оның 8583-і, яғни, 88,9% -і бірінші турда салынды. Ал вакцинаның екінші компоненті – 7945 доза, оның 5938-і (74,7 %) салынды. Қазіргі кезде Спутник-V, Hayat-Vax және QazVac вакцинасы егілуде.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<