2020 жылы 12 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

321

0

1 желтоқсандағы жағдай бойынша 12,3 мың адам тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 69,5 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (54,2%) Қытайдан, 30,0% – Өзбекстаннан, 8,9% – Түрікменстаннан, 3,7% – Моңғолиядан және 3,2% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (51,7%) және Маңғыстау (13,4%) Түркістан (5,6%) облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (4,1%) және Шымкент қалаларына (3,7%) қоныстанды.

11 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 57,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 32,2%-ды және зейнеткерлер 10,6%-ды құрайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<