ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес,Жаңақорған аудан көлемінде «Абайлаңыз-балалар!»жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
Осыған байланысты 13.05.2021 жылы Жаңақорған ауданының білім бөліміне қарасты №163 орта мектеп 9 сынып оқушыларымен, аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторы полиция капитаны А.Төлешов, карантин талаптарын сақтай отырып, кездесу өткізді.Кездесуде кәмелетке толмағандар арасындағы жол көлік оқиғаларының алдын алу, жолда жүру ережелерін сақтау, сонымен қатар жол қозғалысы туралы ережелерді түсіндірді.
Іс-шара барысында, Жаңақорған ауданының полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторы полиция капитаны Төлешов Арыстанбек Нұралыұлы, білім бөліміне қарасты «Болашақ» бөбекжай балабақшасының бүлдіршіндерімен кездесу өткізіп, жолда жүру ережелерін түсіндірді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<