Әдепті бұзбаған дұрыс

588

0

Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамамен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзудың алдын алуды қамтамасыз ететін, сондай-ақ, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілерге кеңес беретін мемлекеттік қызметші.

Оның ұжымдағы негізгі міндеттерінің бірі-әрбір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамаларын,Әдеп кодексі талаптарын түсіндіру.Сонымен қатар, жеке консультациялық көмек көрсетеді.

Оған қоса,мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды жүргізеді. Аталған шаралар, мемлекеттік қызмет атқаруда орын алған әртүрлі құқық бұзушылықтарды талдау және оларды болдырмаудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауын бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген материалдарды зерделеу және әлеуметтік желілердегі аккаунтарды бақылау жасау түрінде жүргізіледі.

Әдеп жөніндегі уәкіл ұжымдағы моральдік-психологиялық ахуалдың жай-күйіне мониторинг жүргізу үшін жыл көлемінде кемінде екі (2) рет анонимді сауалнама жүргізеді. Нәтижесімен ұжымдағы мемлекеттік қызметшілердің,басшы мен қызметшілердің қарым-қатынасына, қызметшілердің құқығының бұзылуына талдау жасап, жағдай қалыпты болмаса ұжым басшысына ұсынымдар береді.Сондай-ақ, ұжымдағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу жағдайлары бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарайды. Осы жұмыстарды ұйымдастыру үшін мекеме ғимаратында Әдеп жөніндегі уәкілдің мәліметтері, қабылдау күндері туралы ақпарат орналастырылады.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі функциясын атқара отырып, сыбайлас жемқорлық көріністерінің және тәуекелдерінің алдын алу үшін кеңес өткізді.

Мемлекеттік қызметші үнемі салауатты өмір салтын ұстануы және отбасы құндылықтарын насихаттауы қажет. Жұмыстан бос уақытта да іс-әрекеті мен мінез-құлығына жауапты.Әрбір мемлекетік мекемеде Әдеп жөніндегі уәкіл функциясының енгізілуі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Әдеп кодексі талаптарының сақталуына,

ұжымда қалыпты жағдайдың орнауына оң әсер етті.

Әуелбек Қамзаев

, Техникалық реттеу және метрология комитеті

облыстық департаментінің бөлім басшысы,

Әдеп жөніндегі уәкіл

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<