Әйелдер слеті

273

0

Жалағаш ауданы Таң ауылында облыстық ауыл әйелдерінің слеті өтті. Жиынды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова жүргізді.

Сонымен қатар, «Сыр елі облыстық әйелдер кеңесі» үкіметтік емес ұйымының төрайымы Райкүл Байназарова, «Сыр аналары» қоғамдық қорының төрайымы Нұрсәуле Мусаева, Арал ауданындағы «Ақбұлақ» балабақшасының меңгерушісі Мейрамкүл Махатова, Шиелі аудандық Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінің директоры Құттықыз Ыханова сөз сөйлеп, шараның мазмұнына байланысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Еспенбет ауыл тарихына, бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқталып, жүзеге асырылып жатқан жаңа бастамалардан хабардар етті. Шара қонақтары ауыл келбетімен, кәсіпкер әйелдердің қолынан шыққан өнімдермен, ұлттық қолөнер бұйымдары көрмесімен танысты.

– Бүгінгі слет өткізіліп отырған Таң ауылының тарихы 1928 жылдан бастау –алады. Бұл ауылдағы негізгі шаруашылық – «Таң ЛТД» ЖШС. Серіктестік төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Имамзада Шағыртаев. Өзі туып-өскен ауылының дамуына, тұрғындардың жағдайының жақсаруына ерекше үлес қосып, еңбек етіп келе жатқан азаматтың бастамасымен ауыл абаттанып, жаңа жұмыс орындары ашыла бастады. Мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясында мектеп, балабақша сияқты бірқатар әлеуметтік нысандар жөндеуден өтіп, тәулігіне 150 тонна күріш салысын ақтайтын зауыт іске қосылды, – деді Ж.Еспенбет.

Бұл игілікті жұмыстардың барлығында ауыл әйелдерінің, Батыр аналардың қолдауы мен қосқан үлесі зор. Осы орайда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар кәсіпкерлер марапатталды.

Мұнан соң облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Сондай-ақ облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің, облыстық әйелдер кеңесінің, «Сыр аналары» қоғамдық қорының жұмыстары баяндалып, білім саласы қызметкерлерімен, Аналар кеңесімен кездесулер, кәсіпкер әйелдермен семинар-тренинг өткізілді.

Айта кетейік, Жалағаш ауданында 800-ге жуық көп балалы ана есепте тұрады. Оның ішінде 300-ден астам ана «Алтын алқа» тақса, 600-ден астамы  «Күміс алқа» иеленді. Ал, 60 «Батыр ана» мен 64 ана І және ІІ дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған. Сондай-ақ, «Жалағаш ауданының Құрметті азаматтары» қатарында 18 нәзік жанды бар.

«СБ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз