Әкім орынбасары Бақыт Жаханов Арал ауданына неге барды?

621

0

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жаханов өңірдің батыс аудандарына жұмыс сапарымен бірқатар елді мекендерді аралады.

Алдымен Арал ауданы Ақбай елді мекеніндегі орман питомнигінің жұмыс барысымен танысты. Одан кейін, жайылымдарды сумен қамтамасыз ету мәселелерін талқылау бойынша Қамыстыбас ауылында орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі ғимаратында жиын өтті.

Жиынға облыстық ауыл шаруашылығы басқарманың басшысы Талғат Дүйсебаев, табиғи ресурстар басқармасының басшысы Бауыржан Шаменов, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Әлиев , Арал ауданы әкімінің орынбасары Еркін Әбішев, «Қазсушар» РМК Қызылорда облысы филиалының басшысы Хамит Биімбетов қатысты.

Арал ауданында орын алған қуаңшылық жағдайына сәйкес, аудан бойынша төтенше жағдай жариялау мақсатында, топырақ сынамаларының қорытындылары алынып, облыстық төтенше жағдайдар департаментінің келісімі алынды.

Қазіргі таңда Арал ауданы әкімінің «Арал ауданында төтенше жағдай жариялау туралы» шешімі НҚА-ің ашық порталына жарияланып, 7 шілдеден кейін күшіне енетін болады.

Осы орайда мәселені оңтайлы шешу бағытында аудан тұрғындарына шөп бағасын қол жетімді ету мақсатында шөп тасымалына кететін жанар-жағармай шығынын өтеу, көлдер жүйесін суландыру жұмыстары жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<