«Әлем аруы» байқауына қызылордалық Камила қатысады

568

0

«Қазақстан аруын» ұйымдастырушылар «Әлем аруы» халықаралық байқауында елдің атынан кімнің қатысатынын хабарлады.

Бұған дейін «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауы Нұр-Сұлтандағы дәстүрлі шоуды 2021 жылға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Коронавирус пандемиясы кезінде жарысты ұйымдастырушылар мен қатысушылар қайырымдылық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен айналысты.

«Әсіресе осы қиын кезеңде «Қызылорда аруы – 2019» байқауының жеңімпазы, 18 жастағы Камилла Серікбай адалдығымен және басқаларға көмектескісі келетін қасиетімен ерекшеленді. Сондықтан «Қазақстан аруы» байқауының дирекциясы Камиланы «Әлем аруы-2021» байқауына жіберуге шешім қабылдады. Оның «Әлем аруы» халықаралық байқауында біздің мемлекетіміздің абыройын лайықты түрде қорғайтынына сенімдіміз», – деп жазды «Қазақстан аруы» байқауының ұйымдастырушылары.

Камилла Серікбай 2019 жылы «Қызылорда аруы» атанды. Бойжеткен Сүлеймен Демирел атындағы университетте «қолданбалы құқық» мамандығы бойынша оқиды. Каратэмен бала кезінен айналысады. БҰҰ елшісі болуды армандайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<