Әлем чемпионатында Дулат Бекбауов жартылай финалға шықты

580

0

Ол мексикалық Мигель Анхель Мартинеспен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалында өнер көрсетті.

67 келіге дейінгі салмақта 1/4 финалда Бекбауов мексикалық Мигель Анхель Мартинеспен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша Дулат Бекбауов әлем чемпионатының жартылай финалында жұдырықтасатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<