Әлем мейірімсіз емес

1134

0

Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектепте республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында қазіргі жағдайда  қашықтан оқытуға байланысты демеушілер тарапынан  аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларына планшеттер, смартфондар және рюзактармен оқу құралдары табысталды.

Аймақтағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға қаламыздағы бір қатар азаматтар қол ұшын созғаны көңіл қуантады. Бұл игі іске көмек көрсеткен ел ағалары «Қызылорда-СМП-70» ЖШС басшысы, облыстық мәслихат депутаты Т.Әлімқұлов 5 оқушыға планшет, 5 оқушыға смартфон сыйласа, қалалық мәслихат депутаты А.Нақып 5 оқушыға сөмке, оқу құралдарын табыстап, қалалық паркте атракциондарға тегін ойнатып балаларға жақсы көңіл-күй сыйлады.  Сондай-ақ,   Қазақстан мұсылмандар  діни басқармасының облыс бойынша Зекет қорының өкілі О.Жидебаев 3 оқушыға планшет, 2 оқушыға смартфон сыйлап, балалардың қашықтан оқуына жағдай жасауда.

Осындай жаны жомарт ел азаматтарына рақмет. Бақытымызға орай әлемде жақсы адамдар жоқ емес, олардың қашанда жанымыздан табылатынына қуанамын.

Гүлжазира ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ,

Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектептің

әлеуметтік педагогы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<