Әлемдегі ең үлкен қоқыс полигоны өртеніп, ауаға улы химиялық зат таратуда

467

0

Кувейтте автокөлік дөңгелкетері жиналған әлемдегі ең үлкен қоқыс полигоны өртеніп жатыр. Тіпті оның масштабы ғарыштан көрінуде. Ал оның түтіні ауаға улы химиялық заттар таратуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TVR.BY басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемге экологиялық апат қауіпі төніп тұр. Кувейттегі бұл полигонға 30 жыл ішінде 50 миллион автокөлік дөңгелегі әкелінгені белгілі болды. Өрт 25 мыңға жуық «шаршы» үйіндіні жойды.

Экологиялық апат бір аптадан бері жалғасып келеді. Атмосфераға сағат сайын тонналап улы канцерогенді химиялық заттар таралуда. Мұндай өрт соңғы рет 2012 жылы орын алған. Ол кезде үйінді өртін бір ай бойы сөндіре алмаған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<