Әлеуметтік бағдарланудың бағыты қандай?

342

0

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру облыстық Жол картасындағы «Әлеуметтік бағдарланған аймақ» тарауының «Білім саласын жаңарту» және «Жастарға арналған аймақ» бағыттары аясында  16 индикаторды іске асыру көзделген. Сегіз ай қорытындысы бойынша олардың 10-ы орындалған. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының «Білім мен ғылымды дамыту» жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес отырысында айтылды.

Жиында партияның облыстық фи­лиалы жанындағы «Білім мен ғылымды дамыту» жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Бауыржан Елеусінов аталған бағыт бойынша жүзеге асырылған жұмыстарға тоқталды.

Жаңа оқу жылында «Саяхат» ша­ғын ауданында 300, «Шұғыла» шағын ауданында 100 орын­­дық мектептер іске қосылса, Қы­зылорда қаласында мемлекеттік-жеке­меншік әріптестік аясында 320 орын­дық жекеменшік, Ақсуат ауылында 1 мемлекеттік, Арал және Сырдария аудандарында 40 орындық жеке балабақшалар ашылған. Сондай-ақ 1 мен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды 81%-ке дейін арттыру жоспарланған болса,  қазір 1-6 жастағы  балалардың қамтылуы 82,4 % құрап отыр.

Орта арнаулы оқу орындарында мемлекеттік тапсырыспен білім алушы 12553 студенттің 2272-сі дуалді оқытумен қамтылып, көрсеткіш 20 пайызды құрады. Бұл бағытта биылға жоспарланған индикатор толығымен орындалып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<