Әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады

466

0

Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов және қала әкімі Асылбек Шаменов шаһарда салынып жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралап, ондағы жұмыс барысымен танысты. Жауапты тұлғалар мен мердігерлерге әрбір жобаны жүзеге асыруда мұқият болу қажеттiгiн ескертті.

Алдымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округін газдандыру барысымен танысты. 4500-ға жуық тұрғыны бар ауылға газ құбыры толық жүргізілген. 500-ге жуық үй осы көктемде көгілдір отынға қосылады деп жоспарлануда. Алдағы күздегі жылу беру маусымында ауыл тұрғындары газ игілігін көреді деуге толық негіз бар.

Сонымен қатар, Серік Салауатұлы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы автономды блок модульді қазандығының жұмыс барысын көріп шықты. Бұл жылу беру орталығы дарияның сол жағалауындағы барлық үйге жылу беруге қауқарлы.

Бұған қоса, облыс әкімінің бірінші орынбасары сол жағалаудағы 10 ипотекалық тұрғын үйдің құрылысын көріп, ең алдымен сапасына мән беруді тапсырды. Бұл жоба – жалпы ауданы 29907,2 шаршы метр болатын 470 пәтерлі тұрғын үй құрылысы.
Ол да осы жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Әрi қарай Серік Қожаниязов «Еуразия» мәдени-спорт кешеніндегі қайта жөндеу жұмыстарымен танысып, сапаның басты назарда болуы керектігін айтты.

Облыс әкімнің бiрiншi орынбасары мекемелер мен жауапты тұлғаларға қыс мезгілінде құрылыс сапасына мән беруді, жұмысшылар жалақысын уақытылы төлеуді және нысандардағы жұмысты мерзiмiнде аяқтауды тапсырды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<