Әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев дүниеден өтті

10546

7

Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері, әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев өмірден озды. Бұл туралы айтыскер ақын, композитор, эстрада әншісі Елена Әбдіхалықова өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

Бұған дейін Ескендір Хасанғалиев пен оның жұбайы Дарико Хасанғалиева коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған болатын. 10 сәуірде Біржан Хасанғалиев ата-анасы коронавирус жұқтырғанын хабарлаған.

Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысында туған. Лирикалық баритон 1959 жылы Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaльды-хорлық фaкультетiн Е. Виногрaдов пен Н. Шaриповaның клaсы бойыншa курсты, 1978 жылы Әль-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бітірді. Өмірін өнерге арнаған Хасанғалиевтің «Атамекен», «Әдемі», «Асыл арман», «Өмірімнің жазы», «Ескірмеген махаббат» әндерін білмейтін қазақ жоқ.

Композитор халқымыздың ән өнеріне зор үлесін қосты. Оның репертуарындағы авторлық туындылары көпшіліктің оң бағасын алған. Осы уақытқа дейін қазақ, орыс, татар, неміс ақындарының өлеңдеріне көптеген ән жазды. Сонымен қатар 200-ге жуық ән, романс және хорға арналған шығармаларды ұсынды.  Қазақ халқының Ескендір Хасанғалиевке деген құрмет-қошеметі қашанда ерек болып қала бермек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<