Әзірлік пысықталды

740

0

Облыстық қоғамдық кеңестің отырысы Бақытжан Сайлыбаевтың төрағалық етуімен кезекті рет өтті.

Онда COVID-19 індетінің таралу кезеңінде мектеп оқушылары мен студент жастардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы, каран­тиндік шектеулерге бай­­ланысты оқу про­цесін қашықтан ұйым­­дастырудың мүмкіндіктері сөз болды. Елді мекендерді жоғары жыл­дамдық­ты ин­тернетпен қамтамасыз ету, штаттық режимде жұмыс істейтін шағын мектептердің жұ­мысын  санитарлық-эпи­демиологиялық та­лаптарға сай ұйымдас­тыру даярлығы пы­сықталды.

Облыстық білім басқармасының бас­шысы Ақзира Қасымова, облыстық цифрлық техноло­гия­лар басқармасының басшысы Юлия Трема­сова, жоғары оқу орындарының ректорлары Бей­біткүл Кәрімова, Қуаныш Дәуренбеков, Абзал Шегенбаев хабарлама жасап, білім беру ұйымдарының ерекше жағдайда басталатын жаңа оқу жылына дайындығы жөнінде сөз етті.

Онлайн режимде ұйымдастырылған жиынға қоғамдық кеңес мүшелерімен қатар департамент, бас­қарма басшылары, «Қазақтелеком», «Транс­телеком» мекемеле­рінің өкілдері қатысты.

Жиын барысында кеңес мүшелері елді мекен тұрғындарының  жоғары жылдам­дықты, кең жолақты интернет желісіне қолжетімділігі, тұрмысы төмен, көпбалалы мұқтаж отбасылардың мектеп жасындағы ба­лаларын компьютер, план­шет, ноутбукпен қамтамасыз етілуі төңірегінде ойларын ор­таға салып, бірқатар ұсыныс-пікір­лерін біл­дірді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<