Аймақтың бас дәрігері Байқоңырға барды

633

0

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Искаков Олжас Ермекұлы Байқоңыр қаласына жұмыс сапарымен барып, медициналық ұйымдар жұмысымен танысты.

Алдымен Байқоңыр қаласының көпбейінді ауруханасының және ауруханаға қарасты елді мекендердегі медициналық нысандарды аралады, яғни Төретам кенті және Ақай ауылдық емханасы, жедел жәрдем стансасы, Байқоңыр қаласының сот-медициналық сараптамасы бюросына барды.

Одан соң басқарма басшысы Олжас Ермекұлы ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешенінің арнаулы өкілі, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Нұртаевпен кездесті. Медицина мекемелері жұмысымен танысқан өңір бас дәрігері халыққа әрдайым сапалы әрі медициналық қызмет көрсету басты мақсат екендігін айта келе, көңіл аударатын тұстарға тиісті тапсырмаларын беріп өтті. Басқарма басшысы сонымен қатар, тұрғындар ұсыныс-пікірлерін тыңдау мақсатында халық арасында жеке қабылдау өткізді. Онда тұрғындар медициналық көмекке байланысты ұсыныстарын білдірді. Өз кезегінде Олжас Ермекұлы айтылған өтініштер бойынша жұмыс жасалынатындығын жеткізді.

Кездесу соңында қоғамдық қабылдауға келгендер қатары аймақтың бас дәрігеріне ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын беріп тарқасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<