Алаш ардақтысын жырға қосты

1630

0

Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай ағартушы ұстаз атындағы №211 мектепте «Арда туған Алаштың арыстары» атты қалалық жас ақындар мүшәйрасы өтті.

Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған сөз сайысына 8-9 сынып оқушылары қатысып, білімі мен қабілетін байқатты. 24 мектептен келген талапкерлер А.Байтұрсынұлының  ел тарихындағы азаматтық ұстанымын, ұлт келешегі жолындағы адал еңбегін жырға қосты.

Мектеп директоры Әлия Көшкінбаева қатысушыларға шараның мазмұны жайлы айтып, сәттілік тіледі. Қалалық білім бөлімінің әдіскері Нұржан Асылханұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ғазиза Әбілда және қалалық «Жас қаламгер» үйірмесінің жетекшісі Хамит Маралбекұлы қазылық етіп, үміткерлердің өнеріне баға берді.

Нәтижесінде, ІІІ орынды №176 мектептің 8-сынып оқушысы Данияр Құрманәлі, №257 мектептің 9-сынып оқушысы Толғанай Тастыбай және №173 мектептің 8-сынып оқушысы Аружан Камал иеленді. Ал, ІІ орынды №211 мектептің 8-сынып оқушысы Еркежан Алматқызы мен №101 мектептің 8-сынып оқушысы Асхат Мәдениет алды. Айқын басымдығымен көзге түскен №189 мектептің 9-сынып оқушысы Ұлықбек Бектай І орын иеленді. Мүшәйрада ұлт ұстазын ұлықтауға өз әлінше үлес қосқан барлық қатысушылар Қызылорда қалалық білім бөлімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<