Алматы облысында Eurocopter тікұшағы апатқа ұшырай жаздады

521

0

Алматы облысында тікұшағы қатты қонды. Бұл туралы ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2021 жылы 5 шілдеде сағат 17:40-та Алматы облысында пайдаланушысы «Q-AVIA» ЖШС тіркеу нөмірі UP-EC008 Eurocopter EC 130B4 тікұшағы қатты қонды. Әуе кемесінің бортында экипаждың 1 мүшесі және 2 жолаушы болған, зардап шеккендер жоқ.

Аталған факті бойынша комиссия құрылды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасы тергеу жүргізетін болады», – делінген комитет хабарламасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<