Алматыда 34 мектеп «миналанған»: жарылғыш заттар табылған жоқ

512

0

Саперлер Алматыда «миналанған» 34 мектепті тексеріп шықты. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін, Алматының 12 мектебінде жарылғыш заттар іздестіріліп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Кейін «миналанған» мектептер саны 34-ке жетті.

Белгісіз адам ақша аударуды талап еткен. Егер ақша аударылмаса мектептерді жарып жіберетінін айтқан.

«Полицияның саперлік бөлім қызметкерлері 34 мектеп бойынша тексеруді аяқтады. Ешқандай жарылғыш құрылғы табылған жоқ», – деді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жарылғыш зат туралы хабарлама қалдырған адамның жеке басын анықтауға және оны одан әрі ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<