Анаға сый

1149

0

Сегіз жыл бұрын қыркүйектің екінші жексенбісі елімізде «Отбасы күні» болып белгіленді. Бүгінде отбасы құндылығын насихаттау мақсатында облыста бірқатар шара ұйымдастырылуда. Ал, биыл Сырдария ауданының полиция бөлімі жаңа бастамамен ерекшеленді.

Қоғам тыныштығын күзетіп жүрген полиция қызметкерлері «Анаға сый» шарасын ұйымдастырып, қарапайым тәсілмен көптің көңілінен шықты. Шара аясында бөлімнің ақпараттық және байланыс тобының есеп-технигі, полиция қатарындағы Жұлдызай Талғатқызы анасы Сәния Аманжолқызына өз сыйлығын табыс етті. «Анадан алған тәлім – баланың өмірлік бағдаршамы» деп білетін Жұлдызай ізгі тілектерін айтты. Күтпеген тосын-сый қуанышты еселей түскені рас. Әсіресе, баласының қуантсам деген ақ ниеті әрбір ананы ерекше сезімге бөлейді. Бұл шара өз мақсатына жетті.

Бастысы, «Атаулы дата аясындағы бастама жалғасын табады, себебі отбасылық мереке тек қана күнтізбеде белгіленген күн емес, әрбір отбасы үшін маңызды мейрам» дейді сырдариялық сақшылар. Шынында біз күйбең тірлікпен жүріп, жақын жандарға көңіл бөлуді ұмыт қалдырып жатамыз. Бірақ, әрбір адам үшін отбасы – тыныштық пен сыйластықтың, түсіністіктің ордасы, бақыт мекені екені анық.

Мөлдір СНАДИН

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<