Аналарға бір реттік жәрдемақы төленеді

1473

0

Фото: ашық дереккөз

8 наурыз мерекесіне орай Павлодар, Ұлытау, Қарағанды, Түркістан, Абай өңірлерінде көпбалалы аналар мен атаулы көмек алатын отбасыларға бір реттік жәрдемақы төленеді деп хабарлады turkystan.kz.

Бір реттік төлемді жергілікті әкімдіктер өздері белгілейді.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, 11 673 ана 17 720 теңге көлемінде ақша алады.

«Көпбалалы аналар және соның ішіндегі табысы аз азаматтарға 2,5 АЕК, 8625 теңгеден, әлеуметтік көмек төлем жүргізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта Астана қаласы бойынша 30 мыңға жуық ананы қамтимыз деп отырмыз», – деді Әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау бөлімінің басшысы Болат Жұмаділ.

Бұл төлем жәрдемақы алып жүрген азаматтардың шотына автоматты түрде аударылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<