Антикоррупциялық фронт-офис шетелдік мамандар визасын алуды жеделдетті

223

0

Шиелі ауданындағы жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент өндіретін зауыт құрылысына қажетті шетелдік 5 маманның құжаттары антикоррупциялық фронт-офис арқылы шешілді.

Үстіміздегі жылдың маусым айынан бастап Сыр елінде инвесторлардың құқығын қорғауға бағытталған «Рrotecting business and investments» инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу» жобасы іске асырылуда.

Жоба аясында Қызылорда облысында жалпы құны 356 млрд. теңгені құрайтын шетелдік және отандық инвесторлардың 12 инвестициялық жобалары сүйемелдеуге алынып, жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша келісімдерге қол қойылды. Инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдейтін және қолдау көрсететін фронт-офис ашылып, өз жұмысын бастап кетті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев:

– Жыл басынан біздің департаменттің араласуымен 4 кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Олардың қатарында кәсіпкерлерге жер учаскесінің ұзақ уақыт бойы табысталмауы, мемлекеттік тапсырысқа бөлінген тиесілі қаржының уақытылы аударылмауы секілді мәселелер бар. Қазіргі таңда осы фронт-офиске инвесторлар тарапынан сұрақтар келіп түсуде. Мысалы, фронт-офискешетелдік инвестор «Чайна Триумф Интернэшнл Инжиниринг» ЖШСкомпаниясынан шағым келіп түсті. Шағымда инвестор компания Шиелі ауданындағыцемент зауытының құрылысына қажетті мамандарды тарту үшін облыстық ішкі істер департаментінің көші-қон қызметіне визалық рұқсат алу құжаттарын өткізгендігін, алайда, шетелдік мамандарға виза алу мәселесі шешілмей жатқанын хабарлаған болатын. Департаменттің тікелей араласуымен бұл мәселе өз шешімін тауып,цемент зауытының құрылысына қажетті 5 шетелдік маманғавизалық құжаттар рәсімделді, – деп мәлімдеді.

Бүгінгі күні фронт-офис пен өңірдегі инвесторлар арасында сенімді қарым-қатынас орнатылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<