Апта ағымы

352

0

Фракция отырысында талқыланды

 «AMANAT» партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған Жол картасының орындалуы облыстық мәслихаттағы депутаттық фракцияның отырысында талқыланды. Отырысқа облыстық филиал төрағасы Н.Байқадамов, атқарушы хатшысы Л.Төрешова, сонымен қатар жауапты басқарма басшылары қатысты.

Сайлауалды бағдарламаның орындалуына жүргізілген талдауға сүйенсек, 9 ай ішінде облыста жоспарланған 122 іс-шараның 43-і орындалған, 72-і орындалу үстінде.

Республика күніне арналды

Республика күніне орай партияның облыстық филиалында салтанатты шара өтіп, филиал төрағасы Н.Байқадамов белсенділерді «AMANAT» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі және партия төрағасы Ерлан Қошановтың «Құрмет» грамотасымен марапаттады.

Олардың қатарында мәдениет, білім, теміржол саласының өкілдері мен шаруашылық иелері бар.

Марафон ұйымдастырды

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Республика күнін мерекелеу аясында қысқа қашықтықтағы жартылай марафон өтті.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған шараға облыстық филиалдың атқарушы хатшысы Л.Төрешова, орынбасары А.Жарылқасынов, филиал қызметкерлері және «Жастар рухы» ЖҚ аймақтық филиалының өкілдері, БПҰ мүшелері және қала тұрғындары қатысты.

Марафонға қатысушылар 4 шақырым қашықтыққа жүгіріп, жеңімпаздар алғыс хат және медальдармен марапатталды.

Қор қоймасына мониторинг жасалды

Облыстық филиал жанындағы өңірлік даму жөніндегі аймақтық кеңес және партиялық бақылау комиссиясы өкілдері тұрақтандыру қоры қоймасының жұмысымен танысты.   

Азық-түлік қорында тапшылық жоқ. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 10 түрі жеткілікті көлемде қоймада сақтаулы. 37 әлеуметтік дүкен қалыпты жұмыс істеп тұр. Тұрақтандыру қорының өнімдері тұрғындарға тиімді бағада ұсынылуы  партия бақылауда.

Жазаны күшейту мәселесі тақыланды

Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты кез-келген зорлық- зомбылыққа берілетін жазаны күшейту мәселесі облыстық филиал жанындағы білім мен денсаулық сақтау, отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестердің бірлескен отырысында талқыланды.

Жиында облыстық ювеналды полиция, білім басқармасы  өкілдері осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қауіп-қатер тобын уақытылы анықтау, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мен қылмыстың алдын алу бағытында түрлі ұсыныстар ортаға салынып, хаттамаға енгізілді.

Жеке сот орындаушылар партия алаңында қабылдау жүргізді

Облыстық филиалда ҚР Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының төрағасы Айдос Иманбаев «Құқықтық көмек» партиялық жоба аясында тақырыптық қабылдау өткізді.

Қабылдауға Жеке сот орындаушылардың облыстық палатасының төрағасы К.Десятниченко, жеке сот орындаушылар және филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Н.Әбдікәрімов қатысты.

 Тұрғындар сот шешімдерінің орындалу барысы мен ЖСО қызметі бойынша өтініштері мен шағымдарын ортаға салып,  атқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдірді.  Оның ішінде, өндіру барысындағы қиындықтар, атап айтқанда, алимент төлеушінің жұмыссыз жүруі және меншігінде мүлік болмауы алимент өндіру жұмысын тежейтіні және төлем жасауына мәжбүрлеу шаралары нәтижесіз екені айтылды.

Тұрғындар өтініші оң шешілді

Облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихаттағы депутаттық фракцияның мүшесі Б.Шәменова, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы И.Аңсат, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қ.Сәрсенбаев қоғамдық қабылдау өткізіп азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға 9 азамат келіп, олардың 6 мәселесі оң шешімін тапты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<