Аралдық спортшы Азия чемпионы атанды

535

1

2021 жылдың 27 -30 сәуір күндері аралығында Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында гір спортынан Азия чемпионаты өтті.

Осы аталған Азия чемпионатында ардагер әйелдер арасында ел намысын қорғаған жерлесіміз, Н.К.Крупская атындағы №14 мектеп-лицейінің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Айнұр Майханова 68 кг. салмақ дәрежесі бойынша Азия чемпионы атағына ие болды.Азия чемпионатында ауданның және ел намысын гір спортынан қорғап қатысқан спортшыларымыз Қ.Разақовпен Қ.Жұмағұлованы кезекті жеңістерімен, А.Майханованы Азия төріндегі алғашқы чемпиондық атағымен шын жүректен құттықтаймыз.


«Толқын» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<