
Ауылға білікті дәрігерлер келеді дегенді естіген ақсулықтар таң атысымен жергілікті медициналық бөлімшеге жиылды. Облыс, аудан орталығынан келген кардиолог, онколог, педиатор, эндокринолог, СӨСҚ сияқты басқа да мамандар медициналық аппараттар мен заманауи қондырғыларды өздерімен бірге ала келіпті. Бұл құрылғылардың көмегіне жүгінген тұрғындар диагностикалық тексерілуге қол жеткізді.