Автотұрақта көлік жанып кетті

430

0

Павлодар қаласында жеңіл көлік өртенді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz сайты.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 маусым күні сағат 11.26-да Ломов көшесі, 45 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама түскен.

– Автокөлік тұрағында 1998 жылы шыққан «Mitsubishi Galant» 14 көлігінің мотор бөлігінде резеңке-техникалық бұйымдар, электр сымдары жанған, салонның жалпы ауданы 5 шаршы метр аумағы толығымен өртенген, – дейді департамент.

Сағат 11.39-да өрт жойылды. Оқиға орнына жеке құрамнан 5 адам және 1 техника шықты.

Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Aikyn.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<