Аудан әкімі еңбек ардагерін мерекемен құттықтады

867

0

Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков Жосалы кентіндегі Еңбек ардагерлері Ашабаев Шакизада ақсақал мен Бүркітбаева Назымкүл апайдың отбасыларына арнайы барып, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Еліміздің бүгінгі бейбіт заманда жеткен жетістіктері еңбек ардагерлерінің өлшеусіз ерен еңбектерінің арқасында келгенін жеткізген аудан басшысы өмір жолдары жас ұрпаққа үлгі екендігіне тоқталды. Одан соң еңбек ардагерлеріне зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеп, құттықтау хатпен мен сый-сияпаттар табыстады.

Ашабаев Шакизада ақсақал бар өмір жолын энергетика саласына арнаған, ауданымыздың «Ғасыр энергетигі» атағы берілген. Қазіргі таңда ардақты ардагер 9 немере 12 шөберелерінің ортасында ғұмыр кешуде.

Ал Бүркітбаева Назымкүл апайымыз барлық өмір жолын білім беру саласына арнаған жан. Бірнеше рет облыстың, ауданымыздың Құрмет грамоталарымен, мерекелік медалдармен марапатталған. Отбасында алты баланы тәрбиелеп өсірген. Сөз кезегінде Шакизада ақсақал мереке қарсаңында арнайы құттықтай келген аудан әкіміне ризашылығын жеткізіп, ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріне абырой тілеп, ақ батасын берді.Расында, елдің, қоғамның бел ортасында жүріп, әр түрлі салада қызмет етіп, аудан дамуына үлес қосқан ардақты ардагерлеріміздің еңбегі шексіз.Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<