Аудан әкімі Тереңөзек кентін аралады

1156

0

Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Тереңөзек кентін аралап, аудан орталығының тыныс-тіршілігімен танысты. Аудан басшысына Тереңөзек кентінің әкімі Нұржан Бисембаев кентті абаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атап көрсетті.Алдымен аудан әкімі жаңа қоныстану аймағына барып, жаңадан салынып жатқан үйлерді көріп, мұндағы инфрақұрылымдық жұмыстарды жетілдіру керектігін атады.

Жолдың бойында орналасқан жаңа қоныстану аймағын көркейтіп, абаттандыруға қатысты тиісті тапсырмалар жүктеді.Мұнан соң аудан орталығына кіреберістегі «Сыр сұлуы» монументі айналасын және орталық саябақты аралап көріп, тазарту жұмыстарын жүргізу керектігін атады.

Сонымен қатар А.Иманов көшесі бойын қайта жаңғырту қажеттілігін, Тереңөзек кентін көркейтіп-көгалдандыруға қатысты ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<