Ауғанстаннан келген қандастардың азаматтығын рәсімдеу қаралып жатыр – Ерлан Қарин

518

0

Осыдан 2 күн бұрын елімізге Ауғанстаннан бір топ қандас оралды. Бүгінде олар каратинге жіберілді. Отандастарымыздың ертеңіне қатысты жоспармен ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші мақсат – Ауғастаннан келген қандастардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамту. Сондықтанда олар алдымен карантинге жіберілді. Содан соң отандастарымыздың азаматтығын рәсімдеу процесі басталады. Бүгінде ол үшін қажетті шешімдер қаралып жатыр. Одан кейін тиісті жоспар бар, сол бойынша әрекет етеміз», – деді Ерлан Қарин.

Сондай-ақ, Президент көмекшісі қандастарымызды жұмыспен қамтып, балаларына білім беруді ұйымдастыруда назардан тыс қалмайтынын айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<