Ауыл халқы жаңа саябақтың игілігін көруде

3083

0

Жалағаш ауданы бойынша демеушілер есебінен атқарылып жатқан жобалар жыл санап артып келеді. Жеке қаражат есебінен салынған ауқымды жұмыстардың бірі, Бұқарбай батыр ауылының орталығынан салынған Мыхан Ерниязұлы атындағы саябақ.

Саябақта қайраткердің бюсті қойылған. Сондай-ақ абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, арнайы ойын алаңы және спортпен шұғылдануға арналған жабдықтармен қамтылған. Жобаның жалпы құны 25 млн. теңгені құрайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<