Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

913

0

Бүгінгі жәрмеңкеге Қызылорда қаласы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлері шаһар тұрғындарына 40-тан астам өнім түрін ұсынды.

63 автокөлікпен барлығы 109,1 тонна азық-түлік тауарлары жеткізілді. Атап айтқанда 20,2 тонна картоп, 8,6 тн сәбіз, 10,7 тн жуа, 2,9 тн қырыққабат, 10,4 тн асхана қызылшасы, 500 кг нан өнімдері, 500 кг кондитерлік өнімдер, 2 тн сиыр еті, 500 кг қой еті, 1,5 тн жылқы еті, 200 кг шұжық, 300 кг сөк – талқан, 5 тн балық өнімдері базар нарығынан 15-20 пайыз арзан бағада босатылды.

Таңмен таласа басталған жәрмеңкеге жиналған қала тұрғындары өзіне қажетті азық-түлікті қолайлы бағамен сатып алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<