Ауыр атлетикадан ел чемпионаты басталды

762

0

«Евразия» спорт кешенінде Ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында жеке командалық және жекелей жаттығулар бойынша ҚР чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Жарысты Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов ашып, чемпионаттың жылда Сыр өңірінде өтуі өңір үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті.

ҚР Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Алдияр Нұралинов өз ретінде ауыр атлетиканың еліміздегі рөлін айтып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Қызылорда облысын «Ауыр атлетиканың астанасына» теңеп, елімізде спорттың осы түрі дамуы үшін барынша атсалысатынын айтты.

Айта кетейік, жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 13 облысынан 16 команда, 190 спортшы жүлделерді сарапқа салуда. Чемпионат 16 наурызға дейін жалғасады. Сыр спортшыларына сәттілік тілей отырып, баршаңызды жанкүйер болуға шақырамыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<