«ҚАЙСАР» ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

431

0

«Қайсар» командасы ресейлік «Нижний Новгородпен» кездесті. Естеріңізде болса, өткен жылы қасқырлар осы командамен болған ойында қапы қалған еді. Биыл айылын жиған азулы қасқырлар ресейлік команданы 2:0 есебімен жеңді.
Тоқсан минуттық тартыста Сыр футболшылары ә дегеннен-ақ басымдығын танытты. Матчтың 5-минутында Б.Пуношевац қарсылас қақпасына доп көздеп, қақпашыны қапы қалдырған. Ойынның 14-минутында Б.Пуношевац екінші голын салып үлгерді.
«Нижний Новгород» қанша тырысқанмен екі таймда да ұпай санын теңестіре алмады.

Д.ҚЫРДАН.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<