ҚАЗАҚТЫҢ КЕШЕГІСІ, БҮГІНІ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕГІ

435

0

Ұлт тарихын зерттеуде біз кейде бірізділікке ұрынып жатамыз. Қазақ ұлты бір күнде аяқ асты пайда болған жоқ. Сондықтан да тарихымызды тарихымызды Қазақ хандығының құрылуына апарып тіреп қою көп ретте түсінбестік туғызады.

Ал оған дейін қайда болдық? Қандай институционалдық формаларда өмір сүрдік? Неге біздің тарихымыз сондай шолақ көрінеді?

Осындай және басқа да көптеген сұрақтар қарапайым халық, әсіресе жастар арасында жиі туындайтыны рас.

Әрине, қазақ халқының және оның мемлекеттілік ұйымдасу формаларының түрлері тым тереңде жатқанын көпшілік білу керек. Бұл ретте ең құптарлығы және қуантарлығы ол жастарды осындай мәселелердің қызықтыратыны. Ата-баба жеріне, елінің шежіресіне бей-жай қарамау, оларды зерделеуге деген жастардың құштарлықтары ел болашағына сенім ұялатады.  

Осыған орай, қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығы құрылуының көптеген алғышарттарын қамтыған Елбасының «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласы жастардың сұраныстарымен үндесетінін атап өткіміз келеді. 

 М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі мен И.Әбдікәрімов атындағы агротехникалық жоғары колледжінің студент-жастары аталмыш мақала турасында пікірталас өткізді.

Облыстық ішкі саясат басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында «Өркениет Қызылорда» ҚҚ ұйымдастыруымен өткізілген дөңгелек үстел барысында жастар бірқатар мәселелерді ортаға салып, біраз сауалдарға жауап алды.

Терең тарих ол қазіргі қазақтың болашаққа ұмтылудың негізгі іргетасы болып табылады, сондықтан әнгіме осы бағытта да өрбіді.

Мысалы, Әлия Нұрпейісова мемлекетіміздің озық елдердің қатарына қосылуы, терезесі тең болуы үшін біз білімді, білікті дағдыға ие маман болуымыз қажет деп тұжырымдады.

Пікір алмасуға қатысушылар бізде саяси, мәдени, әлеуметтік реформалар мен жаңаша жобалар кезең кезеңімен жүзеге асырылуы қажеттігіне тоқталды, Елбасының «Ұлы даланың 7 қыры» еңбегін былтырғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен ұштастырды.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<