ҚАЖЫЛЫҚ – ҚАСИЕТТІ ҚҰЛШЫЛЫҚ

598

0

Бүгін ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде қажылыққа барушыларға арналған дайындық семинары өткізілді.
Оқыту-семинарын алғы сөзімен ашып берген Өкіл имам Болатбек қажы Ұласқанұлы бес парыздың бірі – қажылықты өтеуге ниет етушілерге құлшылықтың қасиеттілігі мен сауабы жөнінде айтып, ақ жол тіледі.
Семинарда Қызылорда қалалық «Ыбырайым молда» мешітінің Бас имамы Т.Нұрман қатысушыларға «Тауаф» қажылық компаниясы туралы, қасиетті құлшылықтың орындалу шарттары, ихрам кию үлгісі, қажылық өтеу барысында жасалуы керек амалдарды толығымен түсіндіріп, қажетті дұғаларды үйретті және де қасиетті мекенде еліміз үшін, дініміз үшін көп дұға етулерін сұрады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<