«Бала деген бір бақыт!»

1334

3

«Адамның бір қызығы бала деген» деп Абай айтқандай, бала – біздің басты бақытымыз. Мемлекет басшысының тапсырмасымен биылғы жыл «Балалар жылы» болып жарияланғаны белгілі. Осыған орай, Сырдария аудандық балалар кітапханасы «Нұрбөбек» балабақшасының тәрбиеленушілері, кітапхананың белсенді оқырмандарымен бірге «Бала деген бір бақыт!» атты мерекелік шара өткізді.

Балабақша бүлдіршіндері ән айтып, би билеп, кітапхананың жас оқырмандары Нұрғайша, Нұрдана, Гауһар «Қоянның үйшігі» ертегісінен қойылым қойды. Ал 7-сынып оқушысы Ислам Аманжолов әсем ән шырқады.

Шара қонақтары аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Төрәлиев, бас маман А.Ұзақбаев және аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы А.Ибрагимұлы сөз сөйлеп, балақайларға ізгі тілектерін жеткізді. Бұған қоса, «Қиял ғажайып әлемінде» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, балаларға ұсынылды. Шара соңында бүлдіршіндерге тәттілер таратылып, жақсы көңіл күймен тарқасты.

Гүлдана ӘБЕНОВА

Сырдария аудандық балалар

кітапханасының меңгерушісі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<