Бақытты әйел, бақытты ғұмыр

726

0

Соңғы кезде қоғамда нәзік жандыларды тұлғалық дамыту мен ұлттық тәрбие негізінде жан-жақты психологиялық кеңестер беруге бағытталған семинар-тренингтер жиі өткізіліп жүр.

Бақытты шаңырақтың ұйытқысы болар Әйел-Ананы тек отбасында ғана емес, қызметте де шығармашылық шыңдау мен бойындағы қабілетін ұштастыруға үйрету — мұндай мазмұнды жиындардың мақсатына айналған.

Бүгін дәл осы мақсатта Жастар ресурстық орталығында қыз-келіншектер бас қосып, арнайы семинар-тренингке қатысты. Әр салада жетістікке жеткен Әйел-Аналар, отбасын құруға дайындалып жүрген қыздар мен қызмет пен үй шаруасын қатар алып жүрген ханымдар бас қосып, өз тәжірибелерімен, қос тарапты қатар алып жүрудің қыр-сырымен, табыс табу, жетістікке жету, ана болудың қызығы мен қиындығы жөнінде еркін ой-пікір алмасты.

Семинарда орталық психологы Гүлжайна Ғабитқызы қатысушы аналар мен қыздарға трансформациялық ойындар ойнатып, әйел денсаулығы, әйелдің тұлғалық-психологиялық дамуы мен эмоцияналдық жай-күйі жөнінде маңызды ақпараттармен бөлісті.

Шара соңы көңілді ән мен биге ұласып, қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<