Бас басылымның PDF нұсқасы ақылы негізге ауысты

617

0

2021 жылдың 5 сәуірінен бастап «Egemen Qazaqstan» газетінің PDF нұсқасы ақылы негізге ауысты.

Газеттің электронды шығарылымына жазылу Egemen.kz интернет ресурсы арқылы жүзеге асады. Ол үшін сайттың басты бетіне өтіп, оң жақ бұрышындағы «кіру» батырмасы арқылы тіркелуге болады. Бір айлық жазылымды алу үшін «тіркелу» пәрменін орындап, аты-жөніңіз бен электронды поштаңызды көрсетесіз. Төлем банк карточкасы арқылы жүзеге асады.

PDF нұсқаға жазылудың 1 айлық бағасы – 300 теңге, 1 жылға 3000 теңгені құрайды.

egemen.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<