Бас хатшыны қабылдады

439

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Мемлекет басшысына ұйымның қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына дайындық барысы жөнінде мәлімет берді.

Кездесуде халықаралық ұйым қызметінің негізгі бағыттарындағы ауқымды мәселелер қарастырылды.

Тоғыз айдың есебі берілді

Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады.

Кездесу барысында Президентке Есеп комитетінің биылғы 9 айда атқарған жұмысы туралы есеп берілді. Осы кезеңде барлығы 3,4 триллион теңге бюджет қаражатын қамтитын 99 объектіде 17 аудиторлық тексеру жүргізілген.

Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалаудың негізгі нәтижелері туралы да мәлімет берді. Онда даму бюджетінің 3,5 триллион теңге қаржысы қамтылған.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына салық жеңілдіктерінің тиімділігіне жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары ұсынылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<