Бас жүлде банкирлерде

284

0

«Евразия» спорт кешенінде ҚР еңбек сіңірген экономисі, қаржы саласының құрметті ардагері Камал Шөкеновті еске алуға арналған шағын футбол турнирі өтті. Биыл 8-мәрте ұйымдастырылған сайыста 8 команда бақ сынасты. Шараны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық қаржы басқармасы және Шөкеновтер отбасы ұйымдастырды.

Тартысты өткен сайыста командалар бір-бірінен айла­сын асырып бақты. Теңбіл доп додасының бас жүлдесін биыл екінші мәрте Ұлттық Банктің Қызылорда филиалы қан­жығасына байлады. Ал жалағаштық қаржыгерлер ІІ орын­ды еншілесе, Қорқыт ата атын­дағы ҚМУ командасы үздік үштікті түйіндеді.

Алаңдағы әдемі ойын өрнегі үшін номинация алған­дар қатарында Аслан Жабакиев (Қорқыт ата атындағы ҚМУ) «Үздік қақпашы» атанса, жалағаштық Бақытбек Мұ­қашев «Үздік қорғаушы» болып танылды. Мемлекеттік кі­рістер департаментінің ша­буылдаушысы Мақсат Аб­­дыкамалов үздіктердің қа­та­рынан орын тепті. Ал Ермек Балмағанбет (Қорқыт ата атындағы ҚМУ) «Мерген ойыншы» номинациясын иеленсе, Ұлттық Банк қызметкері Кеңес Махамбетов «Үздік ойыншы» атанды.

 

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<