Башқұртстан Республикасының басшысын қабылдады

345

0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировты қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мен Мәскеудің екіжақты байланыстарын нығайтуға өңіраралық ықпалдастық елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті. Осы орайда Башқұртстан Республикасы ерекше рөл атқарады.

– Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты қатынастарға тың серпін беру тұрғысынан алғанда бүгінгі сапарыңыздың мәні зор. Біз индустрия, агроөнеркәсіп кешені және гуманитарлық салалардағы байланыстарымызды әртараптандыру үшін барынша күш саламыз, – деді Мемлекет басшысы.

Президент бірқатар келісімнің, соның ішінде үкіметтер деңгейінде қол қойылған Ынтымақтастықтың 2023-2024 жылдарға арналған жол картасының табысты жүзеге асырылып жатқанына назар аударды.

Мемлекет басшысы еліміздің өңірлері мен Башқұртстан арасындағы тауар айналымының қарқынын оң бағалады. Былтырғы 11 айдың қорытындысы бойынша сауда-саттық деңгейінің көрсеткіші 350 миллион доллардан асты. Бұл ретте Қазақстан Башқұртстан Республикасының жетекші сауда серіктестерінің үштігіне кіреді.

Отандық ғылымды дамыту мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Кездесу барысында отандық ғылымды дамыту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы былтыр жаңа мәртебе берілген Ұлттық Ғылым академиясы отандық ғалымдардың күш-жігерін біріктіріп, ғылым мен экономикаға нақты пайда әкелетін жаңалықтар енгізуге ерекше мән беруге тиіс екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының жаңа мүшелерін сайлау процесін жеделдету, академия жұмысына талантты жас ғалымдар мен жаңа мамандарды кеңінен тарту қажет екеніне назар аударды.

Сонымен қатар Президентке Ақылбек Күрішбаев өзі басқаратын Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғылыми зерттеулерін және агроөнеркәсіп саласын жетілдіруге бағытталған жұмыстарын таныстырды.

Мемлекет басшысының пікірінше, оқу орнына зерттеу университеті мәртебесінің берілуі аграрлық сектордағы ғылыми әзірлемелерді нақты өндіріске енгізуге, ғылыми зерттеулердің нәтижесін коммерцияландыруға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа міндеттерді ескере отырып, Ұлттық ғылым академиясын дамыту стратегиясы мен жұмыс жоспарын пысықтауды тапсырды. Сонымен қатар Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаған Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру маңызды екенін айтты.

Өз кезегінде Радий Хабиров қазақ жерінде қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

– Башқұртстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты дамытуға ерекше мән беретініңізді білеміз. Менімен бірге үлкен делегация келді. 2-3 жылдың ішінде біз тауар айналымы мен өнеркәсіп кооперациясының көлемін айтарлықтай ұлғайттық. Бүгін «Қазақстан – Башқұртстан» форумын аштық. Біз үшін Қазақстан – ең басты серіктес. Біз мұнда өзімізді еркін сезінеміз, – деді Радий Хабиров.

Кездесуде сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, өнеркәсіп және өзара мүддені көздейтін басқа да салалардағы ынтымақтастықты жандандыруға баса мән берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<